Өндірістегі жарақат
2023 жыл ішінде облыс кәсіпорындары мен ұйымдарында 125 адам жарақаттан зардап шегіп, уақытша еңбек қабілетінен айрылды. Өткен жылы зардап шеккендердің барлығының 51,2% жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдарда, 31,2% мемлекеттік және 17,6% жуығы өзге мемлекеттердің меншігіндегі кәсіпорындарда еңбек еткен.
Зардап шеккендердің ең көп саны, яғни 34 адам немесе жалпы санының 27,2% тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейтін қызметкерлерге, 31 адам (24,8%) – өндеуде, 22 адам (17,6%) – мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында жұмыс істейтіндер болды.
2023 жылы өндірістік жарақаттан 20 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың ең көп саны - 14 адам Бородулиха ауданында, 4 адам Семей қаласында, Бесқарағай және Ақсуат аудандарында 1 адамдан жұмыс істеген. Қайтыс болғандардың көпшілігі, яғни 16 адам мемлекеттік кәсіпорындарда, 3 адам жеке меншік кәсіпорындарда, 1 өзге мемлекеттердің меншігіндегі кәсіпорындарда еңбек еткен.
Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептерінің ішінде зардап шегуші өзінің өрескел абайсыздық танытуы (29 адам), өндірістегі жұмыстың нашар ұйымдастырылуы (30), қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерін бұзуы (28).
47 адам құлаудан және биіктен құлау салдарынан, 16 экстремалды температура әсерінен (өрттен), 11 – қозғалатын, ұшатын және айналатын заттардың әсерінен, 9-і – ұйым көлігімен жол-көлік оқиғаларынан жарақаттанды. Жазатайым оқиғалардан зардап шегушілер көбінесе жабық сынық алады. 2023 жылы зардап шеккендердің жалпы санынан 32 адам дәл осындай жарақат алды, 24 – жеңіл-желпі және соғып алудан жарақаттанса, 16 жедел ұланулар, 22 – мидың шайқалуы мен ішкі органдардың жарақаты, 10 – буын шығу немес жылжу салдарынан сынықтар.
Өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің әрбір төртіншісі – өнеркәсіпте, құрылыста немесе көлікте жұмыс істейді. Сондай-ақ бір жыл ішінде 18 кәсіби және техникалық мамандар, 20 біліктілігі жоқ мамандар зардап шекті.
Басқа жұмысқа ауыстыру кезінде бұрынғы жалақысына дейінгі қосымша төлем, зардап шегушіге залалды өтеу бойынша төлем түріндегі жазатайым оқиғалардың материалдық салдары еңбекке жарамсыздық парағы бойынша бір жыл ішінде бір жолғы жәрдемақы 190,3 млн. теңгені құрады.
_______________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмыс берушінің тапсырмасын немесе олардың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жұмысшыға кәсіптік фактордың әсері, соның нәтижесінде жарақат, жұмысшының кенеттен денсаулығының нашарлануы болды немесе улануы, жұмыс істеу қабілетінен уақытша немесе тұрақты айырылуға, кәсіптік сырқатқа немесе өлімге әкеп соққан.
Өндірістік жарақат жағдайының өлшем бірлігі, яғни өндірісте болған жазатайым оқиғаның барысында жарақат алған бір адам жөніндегі деректер болып табылады.
Еңбекке қабілеттілігін жоғалтумен және өлімге әкеп соқтырған жағдайлардан зардап шеккендер саны – зардап шеккендердің еңбек міндеттерін орындау кезінде кәсіпорын аумағында, сондай-ақ кәсіпорындарымен берілген келу немесе жұмыстан қайту уақытында болған жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер есепке алынды.
Өндірісте болған жазатайым оқиғалардың материалдық салдары – зардап шеккен жұмысшыға кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейіне сәйкес оның жалақысына пайызбен есептелетін өтелген залалдың өлшемімен анықталады. Асыраушысының өлімі жағдайында, залалды өтеуіне құқығы бар тұлғаларға, залал мөлшері өзіне, оның асырауындағы еңбекке қабілетті, бірақ залал өтелуіне құқығы жоқ тұлғалардың үлесін алып тастаған асыраушының орташа айлық көлемінде өтеледі.
www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика
Орындаушы:
С.А. Кондратьева
Тел. +7 7222 36-25-49
Енбек, тұрмыс денгейі және әлеуметтік
демография статистикасы бөлім басшысы :
К.К. Каканов
Тел. +7 7222 36-25-49
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -