Неосторожное обращение с огнем привело к загоранию сухостоя и сена
Өткен тәулікте Абай облысының аумағында, атап айтқанда Бородулиха, Бесқарағай, Жарма және Ақсуат ауданында құрғақ шөп пен жем-шөптің жануы бойынша 4 оқиғасы тіркелді.
Жанулар мен өрттердің негізгі себептері – адамдардың отқа абайсыз болуы және ауыл шаруашылығы техникасында ұшқын сөндіргіштердің болмауы немесе олардағы ақаулықтар болып табылады.
ТЖД дала жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды талап етеді, сондай-ақ, осы ережелерді бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлайды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері департамент қызметкерлері жалпы сомасы 440 мың теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 48 азаматты тартты.
ТЖД дала жұмыстарын жүргізу кезінде келесі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталу керектігін еске салады:
- барлық жинау агрегаттары мен автомобильдерін кемінде екі 5 литрлік өрт сөндіргішпен жарақтандыру, сондай-ақ жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет.
- шабындық жүргізу кезінде периметрі бойынша ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдар ені кемінде 4 м минералдандырылған жолақпен жабдықталсын.
- сонымен қатар, өрт шыққан жағдайда жанған аймақтың жерін жырту үшін соқасы бар тракторды пайдалану ұсынылады.
- дала жағдайында автотракторлық техниканың ЖЖМ сақтауға және құюға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасының кабинасы мен шанағында ЖТҚ сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді.
- ауыл шаруашылығы техникасының қозғалтқыш бөлігін, тораптары мен агрегаттарын таза ұстау қажет.
- ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарда өрт қауіптілігінің жоғары класы кезеңінде құрғақ өсімдіктерді күйдіру жүргізілмейді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -