Нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 72 қаулысы қабылданғанын хабарлайды.
Қаулы қаржы құралдары – брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті қоса атқару мүмкіндігін көздейді. Бұл жаңалық клирингтік ұйымның өз функцияларын орындауының тиімділігін арттыру және Қазақстанның қор нарығында мәмілелердің орындалуына кепілдік беруді қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Сонымен қатар қаулыда бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарудың тәртібі мен талаптары айқындалған.
Құжат зейнетақы активтерін жеке басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару жағдайларының тізбесін де кеңейтеді. Аталған тізімге 55 жасқа толған және еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарда еңбек еткен азаматтар енгізілген. Бұл талап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен белгіленген кесте бойынша БЖЗҚ-дан осындай адамдарға зейнетақы төлемдерінің енгізілуіне байланысты іске асырылды.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -