ОҢТҮСТІК КОРЕЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: WOOSONG УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Woosong» білім беру қорының төрағасы Ким Джон Хенмен кездесті. Кездесуге «Woosong» білім беру қоры мен университетінің, сондай-ақ Түркістан облысының өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Түркістанда Woosong университетінің филиалын ашу, қазақстандық жоғары оқу орындары мен «Woosong» білім беру қорының өкілдерімен бірге университетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау.
Министр ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, Түркістанда филиал ашу үшін бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу қажет екенін атады. Тараптар кездесу барысында жаңа университетті жобалау критерийлерін талқылады. Сондай-ақ министр ішкі модульдерді дайындаудың және бағдарламаны егжей-тегжейлі талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
«Woosong» білім беру қорының өкілдері министрді университетпен жақынырақ танысу және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Кореяға шақырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -