Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге қатысты
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімінің қызметкерлері қазан айында өңірдің Аққайың, Тайынша, Уалиханов және Ақжар аудандарында оқу-жаттығуларын өткізді.
Іс-шара 2024 жылға арналған ведомствоаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізудің жоспар кестесіне сәйкес ұйымдастырылды. Оның мақсаты - адамдар көп шоғырланатын орындарда террорлық сипаттағы қауіпті жағдайлар туындаған мезгілде бірлесіп жұмыс жасауды шыңдау.
Аталған эксперименттерге аудандық жедел штаб мүшелері жұмылдырылды. Жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды әзірлей отырып, қорытындыларға талдау жүргізілді. Сондай-ақ жаттығуларға қатысушылардың теориялық деңгейі тексеріліп, әр жедел топтардың дайындығына тиісті баға берілді.
Материал ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті СҚО
бойынша департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -