ОБЛЫСҚА ЖАҢА ТАСЫМАЛ ҚҰРАЛДАРЫ КЕЛДІ
Ұлытау облысының әкімдігі мен «Ecobus QK» ЖШС арасындағы келісім аясында өңірге жоғары сапалы 29 орындық 7 заманауи автобус келді.
20 мамырдан бастап, қоғамдық көліктің алтауы 101-бағыт бойынша Жезқазған-Сәтбаев қалаларының арасында тасымалдау қызметін атқармақ. Ал біреуі резервте тұрады
Айта кетейік, автобустар - мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға арналған пандустармен, іші кондиционер, алғашқы көмек жинағы, электронды төлеуге мүмкіндік беретін QR код, бейнебақылау камераларымен қамтылған. Тасымалдау құралының жүру интервалы - 15 минут.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -