Облыс әкімі Ақкөл қаласындағы саябақты абаттандырумен танысты
Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды тексерді.
Ақкөл қаласының әкімі Шыңғыс Теміржановтың айтуынша, жоба бойынша скверде флагшток, мүсіндік композиция, балалар ойын кешені, Воркаут алаңы, футбол алаңы және т.б. орнатылады. Алаңның жасыл белдеуі қылқан жапырақты ағаштар мен бұталардың көшеттерімен жабылады.
Өңір басшысы нысанды қарап шығып, жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.
«Бұл нысан өте маңызды, сондықтан жұмыстарды сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау керек», - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, биыл Ақкөл қаласының тумасы Қазақстанның Халық батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 100 жасқа толады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -