Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс тұрғындары өңір басшысына жер учаскелерін беру, ТҮКШ, әлеуметтік сала мәселелері бойынша жүгінді.Жас спортшылардың ата-аналары Павлодарда көркем гимнастиканың жаттығу процесін ұйымдастыру мәселесін көтерді. Тереңкөл ауылының тұрғыны ауылдың су бұру жүйесін жалға беру қаншалықты заңды екендігін сұрады.Асайын Байханов көркем гимнастикамен айналысуға арналған ғимарат құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын зерделеуді, сондай-ақ, Тереңкөл ауданының басшылығына көрсетілген барлық фактілерді тексеруді, берілген уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын қайтарып алуды, бұдан әрі ауыл тұрғындарының мүдделерін ескеруді тапсырды.Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау барысында басқа да әлеуметтік маңызды мәселелер қаралды.Кездесу барысында айтылған сұрақтар бақылауға алынды. Қосымша пысықтауды талап ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -