Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдауға жазылғандар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Майқайың кентінің тұрғындары кентті жылумен толық қамту үшін қосымша қуат қажет екендігін жеткізді.Өңір басшысы қазір энергетикалық аудит жүргізіліп жатқанын және оның қорытындысы бойынша кентті жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға ЖСҚ әзірленетінін түсіндірді.Екібастұздан келген мүмкіндігі шектеулі баланың анасы мектеп, колледж және менталды бұзылулары бар адамдарға арналған оңалту орталығын қамтитын ғимарат салу, сондай-ақ, мүгедек балаларға арналған футбол, жеңіл атлетика, бочча және т. б. үйірмелері бар спорт мекемесін ашу жөнінде ұсыныс енгізді.Асайын Байханов бейінді басқармаларға осындай жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін жан-жақты пысықтап, мәселені сол жерге барып қарастыруды тапсырды.Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары жеке қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -