Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс тұрғындары өңір басшысына тұрғын үй, жер қатынастары, денсаулық сақтау мәселелері бойынша жүгінді.Баянауыл ауданы Мұса Шорман ауылының тұрғыны облыс әкіміне жайылымдық жерлердің тапшы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, Сәтбаев ауылдық округіне қарасты жерлердің бір бөлігі мақсатына сай пайдаланылмайтынын атап өтті.Асайын Байханов жер қатынастары басқармасына аталған фактілерді тексеруді, пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне алу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.Павлодар тұрғыны әлеуметтік дәріхана ашу және субсидиялау мәселелері бойынша жүгінді. Өтініш берушіге әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық құралдары түсіндірілді.Барлық өтініштер бойынша өңір басшысы тиісті ведомстволарға тапсырма берді, олардың орындалу барысы облыс әкімі аппаратының бақылауында болады.Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -