Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұзға барды
Бүгін өңір басшысы қаланы аралау барысында балалар шығармашылық орталығының құрылысын тексерді. Нысанның 3-ші қабатын қалау, сыртқы инженерлік желілерін тарту, әрлеу жұмыстары, қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 50%-дан астамы орындалды. 72 адам жұмыс істеуде.- Жалпы жұмыс қарқыны жақсы. Нысан күрделі және ауқымды, алайда, біз барлық жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды, - деді Асайын Байханов.Сондай-ақ, облыс әкімі кеншілер қаласының жылу беру маусымына дайындығын тексерді.Екібастұз ЖЭО-да өңір басшысы су жылыту қазандықтарының цехына барды. Қазандықтарды ауқымды жаңарту мен реконструкциядан өткізудің арқасында Екібастұзда жылу беру маусымы штаттық режимде өтті, тіпті, қатты аяздарда да жабдықтар үзіліссіз жұмыс істеді.Қазіргі уақытта станциядағы № 15 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған, онда жылыту беттері, қосалқы жабдықтар, электр сорғылары, желдеткіштер 85% ауыстырылады. Екі қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жүргізіледі.Сонымен қатар, ЕЖЭО-дағы күл шығару жүйесінің жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету үшін тазартылған су құбыры салынады.Облыс әкімі жөнделетін қазандық агрегатын бөлшектеу жұмыстарын бастауды, барлық қажетті жабдықтарды жеткізуді бақылауға алуды және барлық жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды.Қаланың магистраль және квартал ішіндегі желілерін гидравликалық сынақтан өткізу 4 кезеңде өтеді. Бүгінгі таңда 82 ақау анықталды және оларды жою үшін 20 бригада жұмыс істеуде. Сынақтарды және анықталған барлық ақауларды жою жұмыстарын 10 шілдеге дейін аяқтау жоспарлануда.Ірі жылу магистральдарын реконструкциялау жалғасады. Биылғы жылы жалпы ұзындығы 3 км асатын екі жылу магистралі жаңартылады - ЖМ-1 және ЖМ-3.Асайын Байханов №17 мектептегі бассейнді күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда жұмыстар сәуір айында басталды және шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта бөлшектеліп, 200 м2 болатын бассейнде сылақ жұмыстары жүргізілуде, желдету жүйесі орнатылды, ішкі бөлмелерді әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 60% орындалды.Сондай-ақ, облыс әкімі бұған дейін кеншілер қаласына келген сапарында тапсырған № 2 мектептің шатырын күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Мұндағы жұмыстар оқу жылының соңында басталды, шілде айында аяқтау жоспарлануда.Өңір басшысы Екібастұз басшылығына күн сайын әлеуметтік нысандарды жөндеудің сапасы мен мерзімін бақылауды тапсырды.Беркімбаев-Торайғыров көшелерінің қиылысында облыс әкіміне фермерлер базарын салу үшін бірнеше учаскелер көрсетілді. Учаскелерді талқылағаннан кейін Асайын Байханов нарықтың орналасу ыңғайлылығын, қоғамдық көліктің қолжетімділігін, инфрақұрылымды, фермерлер 6 күн бойы жұмыс істей алатын кемінде 40 сауда орнын жайластыру мүмкіндігін тағы да зерделеу қажеттігін атап өтті.Облыс әкімі делдалдарсыз, азық-түлік - ет, сүт өнімдерін, көкөністерді, жармаларды және т. б. арзандатылған бағамен сатуды ұйымдастыруды атап өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -