Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барып қайтты
Сапар барысында өңір басшысы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жылумен жабдықтау нысандарының жылу беру маусымына дайындығын тексерді.
Екібастұздың 2-ші шағын ауданында 5 қабатты үш тұрғын үй және 31-ші шағын ауданда 240 пәтерлі тағы бір үй салу жоспарлануда. Бұл тұрғын үйлерді кезекте тұрған 1200 екібастұздық – Отбасы банкінің салымшылары несиеге сатып ала алады.1 шаршы метрінің құнын 360 мың теңгеден 253 мың теңгеге дейін төмендету үшін облыс бюджетінен 1,5 млрд. теңге бөлу жоспарлануда, сондай-ақ, мемлекет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электр, жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері) салынып, абаттандыру жүргізілетін болады.Алайда, Асайын Байханов жергілікті биліктің құны нарықтық бағамен шамалас болатын бұл пәтерлерді сата алатынына күмән келтірді. Өңір басшысы бірінші кезеңде үш үйдің құрылысын қарастырып, жоба іске асырылғаннан кейін кейінгі құрылыс туралы шешім қабылдауды тапсырды.
Одан кейін облыс әкімі жақында асфальт жабыны жаңартылған және қазір футбол алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан М.Әуезов көшесі, 21/1, 21/2 үйлерінің тұрғындарымен кездесті. Асайын Байханов тұрғындардың аулаларды жарықтандыру, ағаштарды кесу, бейнебақылау және жасанды жол кедергілерін орнату туралы ұсыныстарын қолдады.Биыл Екібастұздағы 30 ауланың асфальт жабыны жаңартылуда, 50 балалар ойын алаңы орнатылуда, 20 шағын футбол алаңы, 11 стритворкаут және стритбол алаңдары жабдықталуда. Сондай-ақ, 8 учаскеде 9,0 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолдары жасалды.
Одан әрі облыс әкімі № 10 мектептің шатыры мен мәжіліс залының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Бүгінгі таңда мұндағы жұмыстардың 50% орындалған, толықтай 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Облыс әкімі сапаға баса назар аударып, барлық жұмыстарды уақытылы жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар, өңір басшысы болашақта 1000 және одан да көп оқушылары бар ірі мектептерді кешенді түрде жөндеу керектігін, бірнеше бөліктерге бөлмей және 5-7 жылдың ішінде бір нысанға қайта оралмау үшін барлық қажетті жұмыстарды бірден орындау қажеттігін атап өтті.Одан кейін Асайын Байханов №9 балабақшада болып, білім беру нысандарының аумақтарын асфальттау қалай жүргізіліп жатқандығын тексерді. Биылғы жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 22 білім беру нысанының - 8 мектептің,13 балабақшаның және Екібастұз көркемсурет мектебінің аумағына жаңа асфальт төселеді. Соңғы 20-30 жыл ішінде асфальт жабыны жаңартылмаған тағы 25 мекеме келесі жылы ретке келтіріледі.
Жұмыс сапары барысында Асайын Байханов балалар шығармашылығы үйінің құрылысын тексерді. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары 85% орындалды. Облыс әкімі барлық негізгі құрылыс жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтап, сыртқы аумағын абаттандыруды бастауды тапсырды.
Одан кейін өңір басшысы Екібастұз перзентханасының аумағын абаттандыру және күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ғимараттың жөндеу жұмыстары 80% аяқталған, нысанды тамыз айының ортасында тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ, келесі жылы перзентхананы аурухана кешеніндегі терапия корпусына көшіру, ал, перзентхананының ғимаратында медициналық колледж студенттеріне жатақхана және зертханалары бар оқу ғимаратын орналастыру мүмкіндігі талқыланды.
Сапар барысында облыс әкімі бұрынғы кеншілер мәдениет сарайының ғимаратын аралады. Бүгінгі таңда Екібастұзда қалалық театр ашу мәселесі қарастырылуда. Оны орналастыру үшін бюджеттен тыс демеушілік қаражат есебінен бұрынғы мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу пысықталуда.Облыс әкімі мәдениет және құрылыс басқармаларына ғимаратқа алдын ала техникалық сараптама жүргізуді, сарапшыларды тартып, жыл соңына дейін осы ғимаратты сатып алу және реконструкциялау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Кеншілер қаласында жылу беру маусымына дайындық белсенді жүргізілуде. Асайын Байханов ЖМ-1, ЖМ-3 жылу магистральдарын реконструкциялау орындарында болды. Мұнда бөлшектеу толығымен аяқталып, іргетасы мен қозғалмайтын бағаналары құйылуда, кесте бойынша компенсаторлар әкелінеді деп күтілуде.
Облыс әкімі барлық жұмыстарды қыркүйек айының басына дейін аяқтау міндетін қойды.Кәріз коллекторында 700 метр құбыр тазаланды. 10 тамызға дейін 896 метр арнайы полимерлі материал жеткізіледі деп күтілуде.Облыс әкімі Екібастұз ЖЭО-дағы №15 қазандық агрегатының электр жабдықтарын жөндеу жұмыстарын тексерді. Мұнда қазандықтың ішкі бөліктерін бөлшектеу, электр бөлігін жөндеу, сорғыларын, түтін сорғыларын, 2 желдеткішін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Екібастұз ЖЭО-ның тазартылған су магистралінде құбырларды дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде, 888 метр шұңқыр дайындалып, 1900 метр құбыр дәнекерленді.Тұрғын үй қорын жылу қабылдауға дайындау жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Көпқабатты 702 үйдің 432-сі дайын.
Өңір басшысы жылу беру маусымына дейін бір ай және бір апта қалғанын еске салды- Дайындықтың, сынақтардың, жуудың нақты жүйесі болу керек. Әрбір үйдің бекіту арматураларын, жылу алмастырғыштарын тексеріңіздер. Иесіз қалған желілер де жұмысқа алынуы тиіс. 10 қыркүйекке дейін тұрғын үй қорын 100% дайындауды қамтамасыз етіңіздер. Біз барлық әлеуметтік нысандарға жылуды 15-20 қыркүйектен, ал, 10-15 қазаннан бастап тұрғын үй қорына беруді бастауымыз керек, - деді Асайын Байханов.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -