Облыс әкімі Асайын Байхановтың 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткен ғасырдың зұлмат жылдарында жазықсыз жапа шеккен боздақтарды еске аламыз.Біздің ата-бабаларымыз зобалаң кезеңді бастан өткеруге мәжбүр болды: аштық, қуғын-сүргін және ату жазасы.Саяси қуғын-сүргін толқыны қазақ зиялыларының талай өкілдерін жойды. Олардың қатарында жерлестеріміз: жазушы Жүсіпбек Аймауытов, режиссер, қазақ театр өнерінің негізін қалаушы Жұмат Шанин, журналист Қадыр Тайшықов бар.Күштеп депортациялау жылдарында Қазақстанға бұрынғы Одақтың барлық өңірлерінен халықтар көшірілді. Бастарына түскен қиындыққа қарамай қазақ халқы барынша көмек қолын соза білді. Бұл ауыр кезең қазақтарды, шешендерді, кәрістерді және басқа да халықтарды біріктірді.Тарихымыздың қасіретті беттерінің бірі - ашаршылық. 1930-1933 жылдардағы «Ашаршылық» кезінде еліміздің 6 млн тұрғынынан 2,5 млн адам қаза тапты. Ашаршылық пен қуғын-сүргін жүздеген мың қазақты өз Отанынан жер ауып кетуіне мәжбүр етті.Қадірлі жерлестер! Бұл қасіретті күндер ешқашан қайталанбасын! Баршамызға бейбітшілік, өзара түсіністік пен амандық тілеймін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -