Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды кезекті мәрте қабылдады.
Қабылдауға 10 азамат жазылған. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Байзақ, Меркі, Сарысу ауданының тұрғындары бар.
Азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі мен жер учаскесін алу бойынша өтініш айтты. Бұдан бөлек, білім, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс салаларына қатысты мәселелер көтерілді.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -