Облыс әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді
Өңір тұрғындары Асайын Байхановқа сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру, кәсіпкерлік және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.
Павлодар тұрғыны тозығы жеткен сумен жабдықтау желілерін ауыстыруды сұрады, оның ойынша облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде бірнеше жыл бойы жоғарғы қабаттарында су қысымының төмен болуы соның салдарынан.
Сондай-ақ, облыс әкіміне Ақсу қаласында мүгедектер арбасын жөндеу шеберханасын жабдықтау үшін жеке кабинет бөлу туралы өтініш айтылды.
Барлық айтылған сұрақтар бақылауға алынды. Жауапты мемлекеттік органдарға қосымша қарауды және оларды шешу үшін қосымша уақытты талап ететін өтініштер бойынша тапсырмалар берілді.
Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары жеке қабылдауға е-gov, E-otinish.kz порталы және +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -