Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ерейментау ауданының оң имиджін қалыптастыруды тапсырды
Өңір басшысы ауданның өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін барлық әл ауқаты бар екенін, алайда облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі ауданның үлес салмағы өте төмен, небәрі 2,1 пайызды құрайтынын атап өтті. Ауданның негізгі кәсіпорындары –«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Голден энерджи корп», «Угольный ресурс» және «КИ 811 автожөндеу зауыты». Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында «ТМЗ Сервис Казахстан» және «Қызылту» ЖШС, «Ерейментау су арнасы» және «Теплосервис»ШЖҚ МКК кәсіпорындары.
«Біздің міндетіміз-өңірде жұмыс істеуге дайын инвесторлар үшін барынша тартымды жағдайлар жасау. Ауданның оң имиджін қалыптастыруды ең қарапайымынан, оның ішінде оның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат тарату есебінен бастау керек», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Аудандағы басым бағыттардың бірі мал шаруашылығы болып табылады, ол бағытпен жалпы 180 ауыл шаруашылығы құрылымдары айналысады. Жалпыұлттық пул аясында сиыр еті мен қоян еті өндіретін ірі агроөнеркәсіптік кешен салу жоспарлануда. 2026 жылы 328 жұмыс орны бар кәсіпорын пайдалануға беріледі.
Өңір басшысы өз баяндамасында аудандағы барлық өзгерістер адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталуынатап өтті. Әсіресе әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінеді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Еркіншілік ауылында дәрігерлік амбулатория салу, 4 денсаулық сақтау ұйымын күрделі жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылы Ақсуат ауылында 50 орындық жеке балабақшасы ашылады және Сілеті, Өлеңті ауылдарында және Ерейментау қаласында 4 денсаулық сақтау мекемелері мен мектептерге күрделі жөндеу жүргізусондай-ақ «Жұлдыз»балалар сауықтыру орталығы жоспарлануда.
«Жақын арада спорт мектебінің балаларын жарысқа тасымалдау мәселесі шешіледі. Көліктің жоқтығы мәселесімен ата-аналар маған жүгінген болатын, сондықтан биыл бюджеттен «ГАЗель» шағын автобусын сатып алуға 19,3 млн теңге бөлінді, - деді М.Ахметжанов.
Сондай–ақ, аудан орталығында ұзақ мерзімді құрылыс, кадрлар тапшылығы, атап айтқанда-ветеринарлардың жетіспеушілігі, өңірдің туристік тартымдылығының төмендігі, ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті мәселелер сияқты проблемалық мәселелер атап өтілді.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданға «Атамекен» ӨКП, «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ,«Көкше» ӘКК, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазагроқаржы» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация»АҚөңірлік филиалдарының өкілдері келді. Мамандар Ерейментау аграрлық кәсіпкерлері үшін мемлекеттік қолдау шеңберінде қаржыландыру мәселелері бойынша консультациялар өткізді. Айта кетейік, жыл басынан бері Ерейментау ауданында АӨК-ті мемлекеттік қолдау 2,6 млрд теңгені құрады, оның 1,5 млрд теңгесі қайтарымсыз.
Кездесу соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін білім, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы салаларына үлесін қосқан ерейментаулықтар облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Азаматтардың жеке қабылдауында сумен жабдықтау, жол салу және жөндеу, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өтініштер айтылды. Жас мамандарға көтерме ақы төлеу мәселесі оң шешімін тапты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -