Облыс әкімінің халықаралық айтыс қонақтарымен кездесуі
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қазылар алқасымен және Көкшетауда ұйымдастырылған халықаралық ақындар айтысының қонақтарымен кездесті.
Кездесуге ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Аманжол Алтаев, ақындар мен жазушылар Қойылыбай Асанов, Серік Құсанбаев, Жабал Ерғалиев қатысты.
Қонақтарды қарсы ала отырып, өңір басшысы жазушылардың отандық мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті, сондай-ақ Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы айтты.
Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Алтаев қабылдағаны үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, Ақмола жерінің ерекшеліктеріне және оның еңбек сіңірген қайраткерлеріне тоқталды.
Сондай-ақ, кездесу барысында айтысты ұлттық өнер түрі ретінде насихаттау мен ілгерілету және мәдениет мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -