ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлының қабылдауына бас аяғы үш өтініш тіркелді.
Гүлімхан Есетова ауыл шаруашылығы саласындағы, оның ішінде мал шаруашылығын субсидиялау мәселесімен жүгінді.
Сәтбаев қаласының тұрғындары Тоғжан Назымбек пен Мәншүк Рахымжанова өңір басшысына апатты үй және тиісті өтемақы алу жайында өтінішін жеткізді.
Сондай-ақ облыс әкімінің қабылдауына Торғын Қарахметова жазылды. Өңір тұрғыны химиялық-экологиялық зертханаға ғимарат жалға алу жайында мәселемен жүгінді.
Облыс әкімі мен бейінді ведомстволар мен мекемелердің мамандары қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлығына түсініктеме берді.
Естеріңізге сала кетейік, Берік Әбдіғалиұлы әр бейсенбі азаматтарды қабылдайды. Алдын ала жазылу 8 (7102) 60-02-96 телефоны бойынша жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -