Облыс әкімінің оқу жылының аяқталуымен құттықтауы: Абай облысы, 25 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Облыс әкімінің оқу жылының аяқталуымен құттықтауы

Облыс әкімінің оқу жылының аяқталуымен құттықтауы

Облыс әкімінің оқу жылының аяқталуымен құттықтауы

Құрметті түлектер!Баршаңызды мектеп бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін сіздер өмірлеріңіздің маңызды бір кезеңін аяқтап, үлкен өмірге қадам басып отырсыздар. Мектептегі жылдарыңыз тек сабақтар мен емтихандар ғана емес, сонымен қатар қуанышқа толы сәттер мен адал достықпен есте қалады. Егеменді еліміздің деген ертеңі еңселі, келешегі кемел болуы бүгінгі жас түлек - сіздердің қолдарыңызда.Биыл Абай облысында 5032 түлек үлкен өмірге қадам басып, қанат қағады. 2023-2024 оқу жылын 101 136 оқушы тәмамдайды.Мектеп қабырғасында оқу мен ілімнің негізін меңгеріп, білім баспалдағымен алға қадам бастыңыздар. Сіздерді жаңа өмір мен мүмкіндіктер күтіп тұр. Мен сіздердің терең білімге ұмтылып, армандарыңызды жүзеге асырып, өңіріміздің және еліміздің дамуына елеулі үлес қосатындарыңызға сенемін.Білім көкжиегінде жинаған тәлім мен тәрбиелеріңіз жарқын болашаққа жетелесін. Аңсаған асыл армандарыңыз орындала берсін! Жолдарыңыз ашық болсын! Ізгі тілекпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев



Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Құрметті түлектер!Баршаңызды мектеп бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін сіздер өмірлеріңіздің маңызды бір кезеңін аяқтап, үлкен өмірге қадам басып отырсыздар. Мектептегі жылдарыңыз тек сабақтар мен емтихандар ғана емес, сонымен қатар қуанышқа толы сәттер мен адал достықпен есте қалады. Егеменді еліміздің деген ертеңі еңселі, келешегі кемел болуы бүгінгі жас түлек - сіздердің қолдарыңызда.Биыл Абай облысында 5032 түлек үлкен өмірге қадам басып, қанат қағады. 2023-2024 оқу жылын 101 136 оқушы тәмамдайды.Мектеп қабырғасында оқу мен ілімнің негізін меңгеріп, білім баспалдағымен алға қадам бастыңыздар. Сіздерді жаңа өмір мен мүмкіндіктер күтіп тұр. Мен сіздердің терең білімге ұмтылып, армандарыңызды жүзеге асырып, өңіріміздің және еліміздің дамуына елеулі үлес қосатындарыңызға сенемін.Білім көкжиегінде жинаған тәлім мен тәрбиелеріңіз жарқын болашаққа жетелесін. Аңсаған асыл армандарыңыз орындала берсін! Жолдарыңыз ашық болсын! Ізгі тілекпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев</p>

Аймақтағы жаңалықтар