Облыс әкімі өңір мектептеріндегі қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Өңір басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында қарастырылған мәселелердің бірі қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев ведомство өңірдегі тұрақты жедел жағдайды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Олар бірінші кезекте құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін және нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Бірінші жартыжылдықта қоғамдық орындардан ішкі істер органдарына 6 мыңнан аса мас азамат жеткізілді, қоғамдық тәртіпті бұзудың 5,5 мыңға жуығы тоқтатылды. Көптеген жағдайларда алкогольдік ішімдіктерді бірге қолдану, әсіресе түнгі уақытта, жұмыссыздық пен отбасылық-тұрмыстық жанжалдар адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстардың себебі болады».
Интернет-алаяқтықтарды ашу туралы деректер және инновациялық технологиялар маңызды рөл атқаратын ЖКО алдын алу шаралары айтылды.
Тағы бір маңызды мәселе мектептердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда облыстың 537 мектебі бейнебақылау камераларымен 100% жабдықталған, алайда полицияның кезекші бөлімдерінің мониторларына мектептердің тек 50%-ы ғана шығарылған.
Марат Ахметжанов облыстық білім басқармасының басшысына мектептерді бейнебақылау және дабыл түймелерімен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
«Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, сапалы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету қажет. Барлық камералар жедел басқару орталығына қосылуы тиіс, бұл құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне мектептердегі жағдайды бақылауға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады облыс әкімі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -