Облыс әкімі Сайын Шапағатов ауылындағы инфрақұрылымдық нысандарды аралады
13 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай іс-сапармен Сайын Шапағатов ауылына барып, бірнеше маңызды инфрақұрылымдық нысандарды аралады.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауылда салынып жатқан 1200 орынға арналған жалпы білім беру мектебінің құрылысымен танысты. Құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС. Жоба құны 4 100,0 млн. теңге.
Аталған нысанның құрылысы 2023 жылдың 22 қыркүйегінде басталған. Бүгінде жұмыстың 70% орындалып отыр. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың 22 сәуірі деп жоспарлануда. Аймақ басшысы, мектеп парталары мен жиһаздарды жергілікті кәсіпкерлерден алуды ұсынды және құрылысын барынша ертерек аяқтауды тапсырды.
- Түпқараған ауданында 3 ауысыммен оқытын екі мектеп бар. Біріншісі Ақшұқыр ауылында болса, екіншісі осы Сайын Шапағатов елді мекенінде. Сапасына аса мән беріп, жылдың аяғына дейін бітіру керек. Кең, жайлы, жаңа мектеп - бұл оқушылардың сапалы білім алуына әсер ететін бірден бір фактор. 2025 жылы екі ауылда салынып жатқан мектеп құрылыстары аяқталғанда аудандағы 3 ауысымды білім беру мәселесі толығымен шешіледі. Мектепке керекті жиһаздарды жергілікті кәсіпкерлерден алу қажет, -деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы С.Шапағатов дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Жалпы ауданы 171 ш.м құрайтын медициналық орталықта амбулаторияда дәрігерге дейінгі бөлме, дәрігерлер бөлмесі, дені сау бала бөлмесі, гинекологиялық кабинет,ине-шаншу бөлмесі, физиотерапиялық кабинет, егу бөлмесі, туберкулезге қарсы бөлме, зертхана және 10 төсектік күндізгі аурухана жұмыс жасайды. Бүігінде ауыл халқы санының артуына байланысты жаңа амбулатория салу мәселесі тұр. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға мәселені жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырды.
Әрі қарай, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ның Сайн Шапағатов ауылы маңында 35/10 кВ жаңа қосалқы станция мен электр беру әуе желісін салу жобасымен танысты.
Жоба аясында 23 шақырымдық 35 кВ әуе желісі салынып, станцияға 2x10 МВА қуат трансформаторлары орнатылуда. Жоба Сайын Шапағатов ауылы мен өндірістік нысандарды толығымен сапалы электр қуатымен жабдықтап, болашаққа арналған энергетикалық резервті де қамтамасыз етпек. Инвестициялық жоба құны 4 млрд теңге. 2023 жылы басталған жоба 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -