Облыс әкімі «Семей» командасын Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Футзалдан «Семей» мен «Қайрат» клубтары арасында Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының төртінші матчы өтті. Матч семейліктердің жеңісімен аяқталды.
Бұл біздің облысымыз үшін тарихи сәт. Клуб өзінің құрылған алғашқы жылында биік белестерге жетіп, ел чемпионы атанды. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев бұл бүкіл облыс мақтан тұтатын үлкен жетістік екенін атап өтті.
«Семей» командасын лайықты жеңісімен құттықтаймын. Маусым бойы табандылық пен күш-жігердің арқасында лайықты нәтиже көрсетті. Бұл бүкіл облыс тұрғындары үшін мақтаныш екені сөзсіз. Команда жоғары кәсіби шеберлік көрсете білді. Жеңіс клуб тарихына жаңа парақ енгізіп қана қоймай, кейінгі буын үшін үлгі болары сөзсіз. «Семей» командасын құттықтай отырып, оларға табыс тілеймін», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Бүгін Абай аренаға төрт мыңға жуық жанкүйер жиналып, сүйікті командасына қолдау білдірді.Команда Шыңғыс Есенаманов, Ринат Төреғазин, Кайо Торрес, Джайме Эвальди, Андерсон Дедезиньо, Рауан Атантаев және т.б. талантты ойыншылардан құралған. Олар тәжірибелі бразилиялық жаттықтырушы Дави Мендонсаның басшылығымен күш біріктіре білді.Айта кетейік, команда алдағы маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасында ел атынан лайықты ойын көрсетуге ниетті. Клуб жаңа талантты ойыншыларды командаға тартуды жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -