Облыс әкімі Зеренді ауданында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды: егін мен мал шаруашылығы - басты назарда
Зеренді ауданы облыстың астық егетін өңірлерінің бірі болып табылады, биыл астық жинау алаңы 221 мың га құрады. Бүгінгі таңда ауданда 125-тен астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жұмыс істейді, науқанға 1076 комбайн жұмылдырылған.
Зеренді ауданына жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «KazGrainFeeders» ЖШС және «Щучье гормолзавод» ЖШС алаңдарын аралады.
«KazGrainFeeders» ЖШС-де 6600 га егіс алаңы, 32 бірлік техника бар, мұнда жүгері, бидай, арпа және басқа да дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өсіріледі. ЖШС-де 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін машина-трактор шеберханасы жұмыс істейді.
«Шеберхана жыл бойы жұмыс істейді, кез келген күрделі техниканы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық қажетті жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етілген», - деді ЖШС директоры Қанат Әлмұхамедов.
Ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылады, олардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады.
Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі –«Щучье гормолзавод» ЖШС, «KazBeef» компаниясының құрылымдық бөлімшесі және етті бағыттағы ірі қара мал өсіруге маманданған. Ангус және герефорд ірі қара малына арналған кәсіпорынның бордақылау алаңы толығымен автоматтандырылған және цифрландырылған, әр жануарға арнайы мәліметтер базасы құрылған. Сонымен қатар, кәсіпорын мал шаруашылығын табысты жүргізу үшін қажетті жем-шөп өндірумен айналысады. Зауытта қазіргі уақытта жем-шөп дайындаумен айналысатын 75-ке жуық адам жұмыс істейді.
Кездесу соңында облыс әкімі кәсіпорындардың қызметіне оң баға беріп, одан әрі табыс тіледі.
«Ақмола облысында өндірілетін өнімдердің басым бөлігі ғасырлар бойы үлкен сұранысқа ие, оның ішінде ірі қара етін атауға болалы. Бұл - жалпыға белгілі факт», - деп атап өтті өңір басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -