Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданында болып қайтты
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданында болып, көктемгі дала жұмыстарының барысын, сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының іске асырылуын тексерді.
Асайын Байханов Қожамжар ауылдық округінің «Agro Terra» ЖШС-нің суармалы егістігіне барып, онда 1110 га алқапты суармалы егістікке айналдыру бойынша инвестициялық жобамен танысты.
Аудандағы суармалы жерлердің көлемі шамамен 6 мың га құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 мың га артық. Суармалы жерлерді одан әрі ұлғайту үшін электр энергиясының қуаты жеткіліксіз. Облыс әкімі қосалқы станцияны жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді немесе «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша сорғы станциясының жанындағы бұзылған қосалқы станцияны қалпына келтіру нұсқасын қарастыруды тапсырды.
Аграршылармен кездесу барысында өңір басшысы қазіргі егіс жұмыстарында қолданылатын агротехникалардың ерекшеліктерін талқылады. ШҚ басшылары мұндай көктемнің бұрын-соңды болмағанын жеткізді: көптен бері мамыр айында мұндай жауын-шашын болған емес, ылғалдың мөлшері жеткілікті, қолайлы ауа-райы, уақытында алынған тыңайтқыштар, дизель отыны және субсидиялар.
«Весна» ШҚ басшысы Анатолий Филипишин егістің заманауи әдістерін қолданып көргенімен, соңында 30 жыл бұрынғы классикалық технологияларға қайтып оралғанын жеткізді. Биыл шаруашылық 10 мың га бидай мен 1 мың га қарақұмық екті, қуаты 14 мың тонна астық қоймасы бар.
- Ауа-райы өзгеруде, бірақ, жер құнарлы бола түспейді, сондықтан, қолда барды сақтай білу керек, ал, бұл үшін осы жерде жұмыс істейтін арнайы технологияларды пайдалану қажет, - деп келісті әкім.
Аудан орталығында Асайын Байханов балаларды дамыту және түзету орталығының жұмысымен танысты. Балабақшаның орнында балалар мекемесін кәсіпкер Айгүл Жүсіпова 4,9 млн теңге инновациялық грант алғаннан кейін ашқан. Қыркүйек айында мектепке дайындық, сенсорика және ағылшын тілі, «ана-бала» курстары ашылады. Орталыққа балаларға арналған ойын алаңы жетіспейді. Өңір басшысы орталықтың тәрбиеленушілеріне арналған ойын алаңын салуға демеуші тауып беруге уәде берді.
Сондай-ақ, облыс әкімі Ақтоғай ауылында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты, күрделі жөндеуден өткен аудандық мәдениет үйіне барды.
Сапар соңында дезинсекциялық жұмыстардың барысы туралы есепті тыңдады. Ауданда шыбын-шіркейге қарсы 20 мың га алқап өңделуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 мың га артық.Жаяу өңдеу 23 сәуірден, әуеден өңдеу 5 мамырдан басталды.
Өңір басшысы шыбын-шіркейлерді толықтай жойып жіберу мүмкін емес екенін, өйткені, олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып табылатынын, алайда, халықты, құстарды, жануарларды қорғау үшін жаппай ұшып шығудың алдын алу қажет екенін атап өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -