Облыс әкімі жұмыс сапарымен Успен ауданына барды
Аудандағы көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биылғы жылы 249,6 мың гектар алқапқа тұқым себілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,6 мың гектарға артық. Егістік алқабы майлы және жемшөп дақылдарының есебінен ұлғайды.Асайын Байханов егістік алқаптарындағы жұмыстарды тексеріп, фермерлердің мәселелерін тыңдады. Аграршыларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мақсатында биыл 825,3 млн теңгеге 10 жаңа заманауи техника сатып алынды. Көктемгі дала жұмыстарын сәтті өткізу үшін ауданның 27 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 1,8 млрд теңгеге несие алды.
Облыс әкімі 12,6 мың гектарға бидай, зығыр, күнбағыс егетін «Анна» ШҚ егістік алқабына барды. «Егімбай» ФҚ көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда 25 жұмыс орны құрылған, 28 бірлік техника бар. «Алдияр» ШҚ-да егіс 4,8 мың гектар алқапта жүргізілуде, 23 бірлік техникамен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 59,5 млн теңгеге импорттық трактор сатып алынды.
Асайын Байханов мемлекеттік органдарға маусымдық дала жұмыстарын жүргізуде мәселелер туындаған жағдайда жедел түрде шешуді тапсырды.
- Біз аудан әкімдігі мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің үйлесімді жұмысы биыл жақсы өнім алуға мүмкіндік береді деп сенеміз, - деді өңір басшысы.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымының кешенді дамуын тексерді, Қоңырөзек ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты автожолының учаскесінде болды. Мұнда шілде айының соңына дейін 15,3 шақырым жол жөнделеді. Успенка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді. Нысанды қазан айының соңына дейін тапсыру жоспарлануда.
Сапар соңында Асайын Байханов «Галицкое» ЖШС-де 553 га аумақта суару бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу барысын тексерді. Өңір басшысы сепарация объектісіне барды, шаруашылық өзінің қызметкерлері үшін салып жатқан үйлерге инженерлік коммуникациялардың тартылуын тексерді.
Биыл Успен ауданында 24 инфрақұрылымдық жоба (жолдарды жөндеу, су құбырларын салу және жарықтандыру), 4 әлеуметтік жоба (мектеп пен мәдениет үйін жөндеу және денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы) және 3 абаттандыру жобасы (жаяу жүргіншілер жолдарын салу және балалар ойын алаңын орнату) іске асырылуда.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -