Облыс әкімдігінде Павлодардың трамвай инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа вагондар сатып алу мәселелері талқыланды
Бүгінгі таңда облыс орталығындағы 111 жолаушылар трамвайының 81-інің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тозу деңгейі 73%-дан асады. Трамваймен жолаушылар тасымалын толық көлемде қамтамасыз ету үшін 70 вагон қажет.
Трамвай паркін жаңғыртудың бірінші кезеңінде Еуропа қайта құру және даму банкінің 8 млрд. теңге қарыз қаражаты есебінен энергия үнемдейтін 25 трамвай сатып алу жоспарлануда.
Осы жылдың тамыз айында ЕҚҚДБ сатып алу ережелері мен қағидаттарына сәйкес трамвайларды сатып алуға тендер жарияланды. Жеткізушіні таңдау процесі қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. «Достық» шағын ауданын және келешекте Екінші Павлодар шағын ауданын қамту үшін вагондардың 20 км-ге дейін автономды жүру мүмкіндігі міндетті шарт болып табылады.
Облыс әкімі барлық конкурстық рәсімдерді мерзімінде аяқтауды және 10 желтоқсанға дейін қалалық рельсті көлікті субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізуді тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -