ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ЮНИСЕФ әзірлеген халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС) басталды. Зерттеу облысымыздың 5 өңірін қамтиды.
2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында интервьюерлер өңіріміздің қалалары мен ауылдарында сауалнама жүргізеді. Сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін, оның ішінде санитарлық тазалықты, білім беруді және басқа да маңызды көрсеткіштерді қамтиды. Барлық сауалнамалар тиісті мемлекеттік органдармен бекітілген.
Интервьюерлер арнайы киім киіп, барлық байланыс ақпараты бар бейдж тағады.
Интервьюер барған үй шаруашылықтары осы сауалнамаға түсіністік білдіреді деген үміттеміз. Зерттеуге қатысу Қазақстан халқының тұрмыс жағдайы мен денсаулығын жақсартуға көмектесетін маңызды мәліметтерді жинауға көмектеседі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -