ОБЛЫСТА ЕТТІ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН КОМБИНАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Нысан Жаңаарқа ауданының Ақтайлақ елдімекенінде бой көтерді. Қазіргі таңда барлық қажетті жабдығы жеткізілген. Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының жұмыс сапары аясында комбинаттың тамыз айында іске қосылатыны айтылды.
Аумағы 1000 ш.м.-ден асатын ғимараттың қазіргі уақытта өз зертханасы, консерві цехы, мұздатқыш және тоңазытқыш камералары, қоймалары, мал сою базасы, тері сақтайтын орны, ішек-қарын аршу цехы бар.
Іске қосылғаннан кейін цехта тәулігіне 3000 консерві өндіру жоспарланып отыр.
Комбинат орналасқан 4 гектар аумақтың жанында қызметкерлерге арналған жатақхана, асхана, қонақ бөлме ғимараты бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -