Облыста табиғатты қорғау шаралары жүргізілуде: Абай облысы, 06 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Облыста табиғатты қорғау шаралары жүргізілуде

Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер жүргізді. 2024 жылдың 3 қаңтарынан 30 қазанына дейінгі аралықты қамтитын тексеру нәтижесінде 106 заң бұзушылық фактісі анықталып, оның 10-ы қылмыстық іске ұласып, 7-уі сотқа жолданды, 89-ы әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жасақ қызметкерлері балық инспекциясымен бірлесіп Алакөл көлінен 15 дана иесіз моножелілер және Зайсан көлінен Қытай өндірісінің 95 бірлік моножелісі табылып, өртеу жолымен жойылды. Іс-шара барысында «Тойота Хайлюкс» маркалы автокөлігі мен «Ямаха» маркалы қар шанасы тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

Заңсыз аңшылықтан келген жалпы шығын 3,2 миллион теңгені құраса, заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 миллионнан астам теңге болған.

Қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарларды қыста азықтандыруға ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар популяцияны және аймақтың экожүйесін сақтау үшін жыл бойы жұмыс істейді.

Осы кезеңде табиғатты қорғау полициясы, Абай облыстық ПД, прокуратура, аймақтағы инспекция қызметкерлері, Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлері 536 бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер жүргізді. 2024 жылдың 3 қаңтарынан 30 қазанына дейінгі аралықты қамтитын тексеру нәтижесінде 106 заң бұзушылық фактісі анықталып, оның 10-ы қылмыстық іске ұласып, 7-уі сотқа жолданды, 89-ы әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жасақ қызметкерлері балық инспекциясымен бірлесіп Алакөл көлінен 15 дана иесіз моножелілер және Зайсан көлінен Қытай өндірісінің 95 бірлік моножелісі табылып, өртеу жолымен жойылды. Іс-шара барысында «Тойота Хайлюкс» маркалы автокөлігі мен «Ямаха» маркалы қар шанасы тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

Заңсыз аңшылықтан келген жалпы шығын 3,2 миллион теңгені құраса, заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 миллионнан астам теңге болған.

Қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарларды қыста азықтандыруға ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар популяцияны және аймақтың экожүйесін сақтау үшін жыл бойы жұмыс істейді.

Осы кезеңде табиғатты қорғау полициясы, Абай облыстық ПД, прокуратура, аймақтағы инспекция қызметкерлері, Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлері 536 бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.

Аймақтағы жаңалықтар