ОБЛЫСТА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында бүгін Ұлытау облысының аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Өңірдің 2190 азаматы қатысқан тазалық іс-шарасы барысында бас аяғы 13500 өзен көл, жасанды су қоймасы және арықтар тазартылды.
Одан бөлек, 483 жеке және көпқабатты үйлердің ауласы жиналып, 24 саябақ пен скверлер қамтылды.
Сондай-ақ 73 жасыл желек отырғызылып, әлеуметтік 138 нысан мен 13 өнеркәсіп, жеке кәсіп аумағы тазартылды. Оған қоса мәдени-тарихи ескерткіштердің 61-і тазаланды.
Облыс бойынша өткен акция аясында 68 техникасы жұмылдырылып, нәтижесінде 158 тонна қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
Айта кетейік, бас аяғы 245 ұжым қатысқан тазалық іс-шарасында облыстың 76 гектар аумағы қамтылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -