ОБЛЫСТАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 5 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ: Ұлытау облысы, 18 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 5 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ

Қаржы – Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салу үшін Үкіметтен бөлінбек. Облыс орталығын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстарға қосымша қаражат бөлу үшін арнайы қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Атап айтқанда, Ұлытау облысының әкімдігіне Жезқазған қаласының Батыс ауданының жаңа ықшам ауданына кәріз желілерін, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісін салу үшін ҚР Үкіметінің резервінен 4,8 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.

Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданы қарқынды түрде дами бастады. Онда жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталды (2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар). Қажетті инженерлік коммуникацияларды уақтылы жүргізу барлық белгіленген объектінің толыққанды іске қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, жалпы Ұлытау облысында коммуналдық желілердің тозу деңгейін азайту және реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде ұзындығы 1314 шақырымнан асатын су құбыры желілері бойынша тозу деңгейі 56,5-тен 51,2%-ға, су бұру желілері бойынша (539 км) – 74,6-дан 71,2%-ға, жылумен жабдықтау желілері бойынша (639 км) – 60-тан 58%-ға дейін төмендеді.

Ақпарат көзі: Ұлытау облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қаржы – Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салу үшін Үкіметтен бөлінбек. Облыс орталығын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстарға қосымша қаражат бөлу үшін арнайы қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Атап айтқанда, Ұлытау облысының әкімдігіне Жезқазған қаласының Батыс ауданының жаңа ықшам ауданына кәріз желілерін, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісін салу үшін ҚР Үкіметінің резервінен 4,8 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.

Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданы қарқынды түрде дами бастады. Онда жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталды (2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар). Қажетті инженерлік коммуникацияларды уақтылы жүргізу барлық белгіленген объектінің толыққанды іске қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, жалпы Ұлытау облысында коммуналдық желілердің тозу деңгейін азайту және реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде ұзындығы 1314 шақырымнан асатын су құбыры желілері бойынша тозу деңгейі 56,5-тен 51,2%-ға, су бұру желілері бойынша (539 км) – 74,6-дан 71,2%-ға, жылумен жабдықтау желілері бойынша (639 км) – 60-тан 58%-ға дейін төмендеді.

Аймақтағы жаңалықтар