Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті: Абай облысы, 31 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үржар ауданында облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Іс-шараға Абай облысындағы 5-18 жас аралығындағы арнайы әлеуметтік қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Олар «Вокал», «Хореография», «Қолөнер» номинацияларында өнер көрсетті.

Басты мақсат – ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Фестиваль 2 кезеңнен тұрды: іріктеу және гала-концерт. Іріктеу кезеңін Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және Үржар аудандық Мәдениет үйінің жауапты мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалап, ІІ кезеңге 10 мекеменің 23 қатысушысы іріктеліп алынды.

Айта кетейік, «Үміт оты – 2024» фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттарына Абай облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының арнайы дипломдары мен кубоктары берілді. Сонымен қатар, бағалы сыйлықтар табысталды.



Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үржар ауданында облыстық «Үміт оты – 2024» балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Іс-шараға Абай облысындағы 5-18 жас аралығындағы арнайы әлеуметтік қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Олар «Вокал», «Хореография», «Қолөнер» номинацияларында өнер көрсетті.</p> <p>Басты мақсат – ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.</p> <p>Фестиваль 2 кезеңнен тұрды: іріктеу және гала-концерт. Іріктеу кезеңін Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және Үржар аудандық Мәдениет үйінің жауапты мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалап, ІІ кезеңге 10 мекеменің 23 қатысушысы іріктеліп алынды.</p> <p>Айта кетейік, «Үміт оты – 2024» фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттарына Абай облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының арнайы дипломдары мен кубоктары берілді. Сонымен қатар, бағалы сыйлықтар табысталды.</p>

Аймақтағы жаңалықтар