ОБЛЫСЫМЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Ұлт академигі Қаныш Имантайұлының 125 жылдығына арнап Сәтбаев қаласында ұйымдастырылған өнер бәйгесінің бас жүлде иегері - Мейірбек Сұлтанхан. Азулы ақынға автокөліктің кілті табыс етілді.
Екі күнге созылған дүбірлі доданың нәтижесінде ұлытаулық жерлесіміз Өміржан Көпбосын бірінші орынға ие болып, 1 500 000 теңгелік жүлдені қанжығасына байлады.
Кіл мықты өнер көрсеткен сайыста екінші орын қарағандылық Дидар Қамиев пен батыстық Жансая Мусинаға бұйырып, 1000 000 теңгелік сертификат табыс етілді.
Бәйгенің үшін орын иегерлері - Шығыс Қазақстандық Серік Қуанған мен алматылық Айым Асылбек. Ақындарға 700 мың теңге қаржылай сыйақы берілді.
Сондай-ақ финалға өткен өзге де ақындарға 400 және 500 мың теңгеден жүлделі сертификаттар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -