Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері «Жарқын күз» науқанын қолдады
Алматыда атақты спортшылар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы мен «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Жарқын күз» күзгі науқанын қолдады.
Науқанды қолдағандар қатарында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Нариман Құрбанов, Назым Қызайбай, Ғұсман Қырғызбаев, Александра Ле, Ислам Сәтбаев, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов және басқа да спортшылар бар. Олар әріптестерін және қала тұрғындарын аула мен қала аумақтарын тазалауға атсалысуға шақырған бейнежазба түсірді.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз, сондықтан қаланың таза әрі көрікті болуы үшін әркім өзінен бастауы керек! Мен бұл челленджді қабылдап, бүгін ауламды қоқыстан тазалап жатырмын», – деді Нариман Құрбанов.
Сонымен қатар, экологиялық науқанға Алматының әйелдер және ерлер баскетбол командаларының ойыншылары, ММА спортшылары да қосылды.
«Мен барлық алматылықты қалыс қалмай, экологиялық акцияға қатысуға және қаланың көркеюіне үлесін қосуға шақырамын!» – деп үндеу тастады бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Алуа Балқыбекова.
Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері де «Жарқын күз» науқанына белсенді түрде қатысып, қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, аулаларды қоқыстан тазартып жатыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -