Омбудсмен Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі кіші комитеттің (DROI) мүшесі Игнасио Санчез Амормен кездесті
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Страсбургте Еуропалық Парламент депутаты – Адам құқықтары жөніндегі кіші комитеттің (DROI) мүшесі Игнасио Санчез Амормен кездесті.
Талқылаудың негізгі тақырыптары азаптаумен күресшаралары және Омбудсмен кеңсесінің қызметі болды. Артур Ластаев азаптауды жоюға бағытталған реформалардың нәтижелері, соның ішінде заңнаманықатайту, тергеуді прокуратураға беру, Стамбул хаттамасы әдіснамасын енгізу туралы айтты. Сондай-ақ ол жүйелішаралардың арқасында Қазақстанда азаптау фактілері 2023 жылы 50 пайызға, 2024 жылы тағы 58 пайызға азайғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Уәкіл өз аппараты жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды, оның ішінде Омбудсменнің құқықтық мәртебесін нығайту, азаматтардың өтініштерін арттыру және құқықтық білім беруді күшейту шараларыбар. 2024 жылы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 1200-ден астам отырыс өткізіліп, 20-дан астам заңнамалық ұсыныстар енгізілді.
Тараптар ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды жәнеадам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды ілгерілетуді жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -