Омбудсмен Артур Ластаев Женева дипломатиялық тобының президенті Роберт Блуммен кездесті
31 мамырда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен Женева дипломатиялық тобының президенті Роберт Блумның кездесуі өтті.
Кездесу барысында Артур Ластаев Уәкіл кеңсесінің қызметі туралы айтып берді, сондай-ақ жүргізіліп жатқан конституциялық реформа мен адам құқықтары саласындағы әлеуетті нығайтуға бағытталған жұмыстар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, Омбудсмен өткен жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтына халықтың сенімінің артқанын атап өтті – бұл Уәкіл мен өкілдеріне келіп түскен өтініштер санының артқанынан байқалады. Мәселен, 2023 жылы 5,8 мың шағым келіп түскен, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.Жалпы, өткен жылы Уәкіл кеңсесі 900-ден астам адамның құқығын қалпына келтіруге көмектесті.
Өз кезегінде Роберт Блум Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау саласындағы оң үрдістерге тоқталды. Ол, сондай-ақ Қазақстан тарихы туралы «Шыңғысханнан Байқоңырға дейін» атты өзінің кітабына қосатын құнды деректер үшін алғысын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мүдделі ынтымақтастық салаларында белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -