Омбудсмен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев азаматтық қоғам және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.Құқық қорғау қоғамдастығының өзекті мәселелері, соның ішінде елдегі адам құқықтарын қорғау механизмін күшейту, өзара іс-қимыл деңгейін арттыру және құқық қорғау институтының әлеуетін одан әрі нығайту сұрақтары талқыланды.Құқық қорғаушылармен ынтымақтастық Омбудсмен қызметінің маңызды бағыттарының бірі, өйткені ол азаматтармен және мемлекеттік органдармен ғана емес, азаматтық қоғамдастықпен де адамдардың құқығын қорғау мәселелері бойынша тұрақты өзара іс-қимыл жасауды көздейді.Кездесу соңында қатысушылар өзекті проблемаларды шешу, адам құқықтарын қамтамасыз ету және ілгерілету механизмін нығайту, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -