Омбудсмен өкілі сотталған мүгедектің денсаулығын сақтау құқығын қалпына келтірді
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне сотталғандардан бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы өтініштердің түсуі жалғасуда. Олардың белгілі бір бөлігін сотталғандардың денсаулық сақтау құқықтарының бұзылуы төңірегіндегі арыздар құрайды.
Мәселен, сотталған ер адам мүгедектігін қайта растауға көмек сұраған. Өтініш дер кезінде қабылданып, Түркістан облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына сұраныс жіберілді.
Ұсынылған медициналық құжаттарды зерделеу және объективті қарау нәтижесінде Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдістемесі және бақылау бөлімі ағза функцияларының бұзылу дәрежесін, өмірлік белсенділіктің тұрақты байқалатын шектеулерін бағалады. МӘС бөлімінің қорытындысы да өзгертіліп, сотталғанға екінші топтағы мүгедектік тағайындалды.
АҚЖУ Түркістан облысы бойынша өкілі МӘС әдістемесі және бақылау бөлімінің басшысы М.Архаровқа сотталған мүгедектің құқықтарын қалпына келтіруге көмектескені үшін алғысын білдіреді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -