Қонаев қаласының дәрігерлері сәтті ота жасады: Алматы облысы, 10 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қонаев қаласының дәрігерлері сәтті ота жасады

Қонаев қаласының дәрігерлері сәтті ота жасады

Қонаев қаласының дәрігерлері сәтті ота жасады

«Жатыр миомасы» диагнозын естігенде, көптеген науқастар таң қалады. Бұл аурудың қауіптілігі оның сатысына және қол жетімді емдеу әдістерінің ауқымына байланысты. Өкінішке орай, көп жағдайда бұл ауру үшін тек дәрілік терапия жеткіліксіз - миоматозды түйіндерді жою үшін хирургиялық немесе аз инвазивті әдістерге жүгіну қажет. Соңғысы жатырды және онымен бірге науқастың репродуктивті қызметін сақтауға мүмкіндік береді.Медициналық мекемеге ауыр жағдайда, гемоглобин деңгейі өте төмен, салмағы 4 келі алып жатыр миомасымен түскен 35 жастағы әйел, бүгін де, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасынан аман-есен Балқаш ауданына үйіне шығарылды. Емдеу мекемесіне түскеннен кейін, әйел шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. «Бізге науқас ауыр жағдайда түсті. Бұндай ауру түрлерін үстірт емдеуге болмайды, өйткені жатыр миомасы ең көп таралған гинекологиялық аурулардың бірі болып табылады және үлкен мөлшерге жетуі мүмкін. Бұл жағдайда клиникалық көрініс науқастың жасына, аурудың ұзақтығына, ісіктің орналасуына және мөлшеріне байланысты және жатырдан қан кету, анемия, созылмалы ауырсыну синдромы, жатыр миомасы мөлшерінің айтарлықтай ұлғаюы, көрші органдардың қысылуы синдромы ретінде де байқалуы мүмкін», - дейді емдеуші акушер-гинеколог дәрігері Абдувалиева Раушан Бекжанқызы. Маман, сонымен қатар, бұған жатырдың қабыну аурулары, гормоналды теңгерімсіздік, түсік жасату, етеккірдің кеш келуі, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, жүрек-қан тамырлары патологиясы да әкелуі мүмкін дейді. Әйелдер кеңесінің меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігері Назгүл Асқарқызы Елеусізова уақытымен тексерілуден, жағындылардан, оның ішінде цитологиядан өтуге, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностикадан өту керектігіне аса назар аударады. Нәтижесінде миома, егер бар болса, анықталады. Менопауза кезінде жатырдың, сүт бездерінің, қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуінен өту қажет және жылына, кемінде, бір рет гинеколог дәрігеріне бару қажеттілігін есте сақтаған жөн. Қонаев қаласының дәрігерлері, миоманың 80 пайызы тексеру кезінде анықталатынын, сондықтан дәрігерге жүйелі түрде барудың маңыздылығын естен шығармау керектігін алға тартады. Бұл аурудың көріністерінің негізгі үш тобы – етеккір циклінің бұзылуы, мысалы, етеккір кезінде көп қан кету және анемия, бас айналу, әлсіздік, соның салдарынан ауырсыну және ұрпақты болу функциясының бұзылуы, бедеулік, түсік түсіру. Жоғарыда айтылған науқасқа кең ауқымды хирургиялық араласу – лапаротомия, консервативті миомэктомия жасалды. Бұл хирургиялық операция, онда жатыр миомасы түйіндері жойылады, бірақ жатырдың денесі сақталады. Сонымен қатар, әйелдің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін емделгенін атап өтеміз. Науқас бүгін үйіне шығар алдында, Қонаев қаласының дәрігерлеріне кәсіби шеберлігі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді. «Барлық емдеу жақсы өтті, көңілімнен шықты және көңіл-күйім керемет. Маған аурухана ұнады: айналаның бәрі таза, ұқыпты, жайлы, өзімді үйдегідей сезіндім. Мені емдеген мамандардың барлығына алғыс айтамын!», - деп түйіндеді өз сөзін. Сонымен қатар, оған белсенді ем-дом жүргізген директордың орынбасары Нұғманова Гаухар Файзуллақызына, дәрігерлер Абдувалиева Раушан Бекжанқызына, Жиренбаев Данияр Қаратайұлына, Бертілеуов Орынбасар Оразғалиұлына, бүкіл емдеу процессін жеке қадағалауында ұстаған аурухана директоры, дәрігер акушер-гинеколог Ракишева Айман Галимжанқызына алғысын жаудыртып, адал еңбектеріне табыс тіледі.



Ақпарат көзі: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>«Жатыр миомасы» диагнозын естігенде, көптеген науқастар таң қалады. Бұл аурудың қауіптілігі оның сатысына және қол жетімді емдеу әдістерінің ауқымына байланысты. Өкінішке орай, көп жағдайда бұл ауру үшін тек дәрілік терапия жеткіліксіз - миоматозды түйіндерді жою үшін хирургиялық немесе аз инвазивті әдістерге жүгіну қажет. Соңғысы жатырды және онымен бірге науқастың репродуктивті қызметін сақтауға мүмкіндік береді.Медициналық мекемеге ауыр жағдайда, гемоглобин деңгейі өте төмен, салмағы 4 келі алып жатыр миомасымен түскен 35 жастағы әйел, бүгін де, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасынан аман-есен Балқаш ауданына үйіне шығарылды. Емдеу мекемесіне түскеннен кейін, әйел шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. «Бізге науқас ауыр жағдайда түсті. Бұндай ауру түрлерін үстірт емдеуге болмайды, өйткені жатыр миомасы ең көп таралған гинекологиялық аурулардың бірі болып табылады және үлкен мөлшерге жетуі мүмкін. Бұл жағдайда клиникалық көрініс науқастың жасына, аурудың ұзақтығына, ісіктің орналасуына және мөлшеріне байланысты және жатырдан қан кету, анемия, созылмалы ауырсыну синдромы, жатыр миомасы мөлшерінің айтарлықтай ұлғаюы, көрші органдардың қысылуы синдромы ретінде де байқалуы мүмкін», - дейді емдеуші акушер-гинеколог дәрігері Абдувалиева Раушан Бекжанқызы. Маман, сонымен қатар, бұған жатырдың қабыну аурулары, гормоналды теңгерімсіздік, түсік жасату, етеккірдің кеш келуі, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, жүрек-қан тамырлары патологиясы да әкелуі мүмкін дейді. Әйелдер кеңесінің меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігері Назгүл Асқарқызы Елеусізова уақытымен тексерілуден, жағындылардан, оның ішінде цитологиядан өтуге, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностикадан өту керектігіне аса назар аударады. Нәтижесінде миома, егер бар болса, анықталады. Менопауза кезінде жатырдың, сүт бездерінің, қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуінен өту қажет және жылына, кемінде, бір рет гинеколог дәрігеріне бару қажеттілігін есте сақтаған жөн. Қонаев қаласының дәрігерлері, миоманың 80 пайызы тексеру кезінде анықталатынын, сондықтан дәрігерге жүйелі түрде барудың маңыздылығын естен шығармау керектігін алға тартады. Бұл аурудың көріністерінің негізгі үш тобы – етеккір циклінің бұзылуы, мысалы, етеккір кезінде көп қан кету және анемия, бас айналу, әлсіздік, соның салдарынан ауырсыну және ұрпақты болу функциясының бұзылуы, бедеулік, түсік түсіру. Жоғарыда айтылған науқасқа кең ауқымды хирургиялық араласу – лапаротомия, консервативті миомэктомия жасалды. Бұл хирургиялық операция, онда жатыр миомасы түйіндері жойылады, бірақ жатырдың денесі сақталады. Сонымен қатар, әйелдің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін емделгенін атап өтеміз. Науқас бүгін үйіне шығар алдында, Қонаев қаласының дәрігерлеріне кәсіби шеберлігі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді. «Барлық емдеу жақсы өтті, көңілімнен шықты және көңіл-күйім керемет. Маған аурухана ұнады: айналаның бәрі таза, ұқыпты, жайлы, өзімді үйдегідей сезіндім. Мені емдеген мамандардың барлығына алғыс айтамын!», - деп түйіндеді өз сөзін. Сонымен қатар, оған белсенді ем-дом жүргізген директордың орынбасары Нұғманова Гаухар Файзуллақызына, дәрігерлер Абдувалиева Раушан Бекжанқызына, Жиренбаев Данияр Қаратайұлына, Бертілеуов Орынбасар Оразғалиұлына, бүкіл емдеу процессін жеке қадағалауында ұстаған аурухана директоры, дәрігер акушер-гинеколог Ракишева Айман Галимжанқызына алғысын жаудыртып, адал еңбектеріне табыс тіледі.</p>

Аймақтағы жаңалықтар