ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТЕР ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРСІЗ ҚАЛМАЙДЫ - ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің басымдығы болып табылады.
Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады.
Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.
Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -