Қорғалжын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы жүргізілуде
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданында болған жұмыс сапары барысында Қорғалжын ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты. Қазіргі таңда аталмыш ғимараттың металл қаңқасын ("А" және "Б"блогы) орнату жұмыстары жүргізілуде. Қабырғалары мен шатырлардың сэндвич-панельдері, сонымен қатар нысанның терезе блоктары орнатылған.Сондай-ақ, 2-ші қабаттың металл конструкциялары орнатылуда.
Учаске шебері Ақиық Ноғаевтың айтуынша, «Жаркент алғыр» құрылыс компаниясы» серіктестігі құрылысқа қажетті барлық материалдармен қамтамасыз етілген. Нысанды 2024 жылдың 4 тоқсанында тапсыру жоспарлануда.
«Аудан тұрғындары үшін бұл нысан спорт орталығына айналуы тиіс. Сондықтан біз үшін ғимараттың сапалы және мерзімінде салынуы өте маңызды», - деді облыс әкімі.
Атап өтуіміз керек, осы тектес спорт нысандары Есіл, Жарқайың, Жақсы, Ерейментау аудандарында және Красный яр ауылында салынуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -