Қорғаныс министрлігінің сарбаздары ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады
Халықаралық қарттар күнінде ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери қызметшілері мен «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарын құттықтады.
Қазір мекемеде 329 адам тұрып жатыр. Оның ішінде 12 тыл еңбеккері, 30 еңбек ардагері және майдангер Раиса Егоровна Сафоничева бар. Қария II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған.
Әскери қызметшілер мен жас патриоттар қарттарды мерекемен құттықтап, еңбектері үшін алғыс айтып, оларға амандық пен ұзақ өмір тіледі
– Бүгін үлкендерге құрмет көрсетіп, ерекше көңіл бөлетін күн. Олардың бай тәжірибесі, халқымыздың өткені мен болашағын байланыстыратын даналығы біз үшін баға жетпес қазына, – деп атап өтті Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери қызметшісі капитан Қаз Нұрқуаныш.
Кездесуде елордалық «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Асхат Налшыбек атап өткендей, ардагерлер жастарды еңбекқорлыққа, патриотизмге және мейірімділікке үйретеді.
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық взводы дайындаған мерекелік концерт қарттарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -