Қорғаныс министрлігінде журналистерге құрмет көрсетілді
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты шара өтті.
Оған телеарналардың, баспа және электронды БАҚ өкілдері қатысты.
Қорғаныс министрінің атынан журналистерді оның орынбасары Дархан Ахмедиев құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті. Ол халықты хабардар етуде, қоғамдық пікір қалыптастыруда және қоғамда әділ қарым-қатынас орнатуда ақпарат саласы қызметінің маңыздылығын атап өтті.
– Жиырма бірінші ғасыр – ақпарат ғасыры деп аталады. Ақпарат адамның негізгі қажеттіліктерінің біріне, қоғам өмірін әлеуметтік ұйымдастырудың іргетасына айналды, – деді министрдің орынбасары.
Дархан Ахмедиев бүгінгі кездесу «төртінші билік» өкілдері мен қорғаныс ведомствосы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Қарулы күштердің ашықтығын арттыруға және әскери қызметтің беделін нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді. Министрдің орынбасары қаламын қару етіп жүргендерге қажырлы еңбегі, ешнәрсеге бай-жай қарамайтындығы, кәсібіне адалдығы үшін алғысын айтты.
– Бұл шара бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыруға және Қорғаныс министрлігімен өзара тиімді іс-қимыл жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының аясын кеңейтуге кезекті қадам болатынына сенімдімін, – деп түйіндеді ол.
Журналистерге тарту ретінде ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы мерекелік музыкалық бағдарлама дайындады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -