Орталыққа көлік берілді
Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына балаларды тасымалдауға арналған автокөліктің кілті табыс етілді. Сондай-ақ ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Әділет Қожанбаев қатысып, орталық қызметкерлерін қуанышты жаңалықпен құттықтады.
Балалар ойын алаңы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің қатысуымен демеушілердің қаражатына салынды. Құрылысқа Ринат Солтабаев, Александр Бойков және Владимир Виничук есімді азаматтар қаржылай көмек көрсетті.
Анықтама үшін: Қазіргі таңда орталық 34 адамға қызмет етеді, оның 19-ы үйде, ал қалған 15-і стационарлық жағдайда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -