Орталық Азия елдері үшін ұшқышсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг басталды
2024 жылғы 12 қыркүйекте «Жартасты қала – Астана» полигонында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы полковник Ж.С. Асқаровтың, Алматы облысы ТЖД бастығы полковник А.Т. Тойчубековтың және Төтенше жағдайлар және табиғи зілзалалар қауі-қатерін азайту орталығының директоры С.Ғ. Әубәкіровтың қатысуымен Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін ТЖ-да ұшқышсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренингтің ашылуы өтті.
Тренингке Қазақстан Республикасы ТЖМ, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Тәжікстан Республикасы ТЖК және Өзбекстан Республикасы ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 24 операторы қатысуда.
Орталық директоры С.Ғ. Әубәкіров өзінің құттықтау сөзінде соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасы ТЖМ ұшқышсыз аппараттар паркі 6 еседен астам ұлғайғанын және осыған байланысты ҚР ТЖМ дрондарды басқару бойынша мамандарды даярлау қажеттілігі артып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, ҰҰА қолдану бойынша мастер-тренингпен қатар ҚР ТЖМ полигоны базасында ТЖ волонтерлар республикалық форумы өтуде.
«Дрон операторларына арналған шеберлік тренингі және волонтерлар форумы жаңа білім алу, тәжірибе алмасу, идеяларды талқылау және апаттарға ден қою және олардың тәуекелдерін азайту саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін тамаша алаң болады», - деп Ж.С. Асқаров атап өтті.
Мастер-тренинг шеңберінде оқытудың теориялық бөлігінен басқа тренингке қатысушылар арасында мынадай бағыттар бойынша жарыстар өткізу жоспарланған: қысқа уақыт ішінде кедергілері бар трассадан өту (маневр жасау шеберлігі), табиғи және техногендік ортада зардап шеккендерді іздеу, зардап шеккен адамға шағын көлемді жүкті жеткізу, тестілеу, суда іздеу.
Төтенше жағдайлар және табиғи
зілзалалар қауі-қатерін азайту орталығы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -