Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны өтелуде
Өңірде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілуде. Облыс бойынша тұрғын үй қорына үлкен зиян келтірілген.Зардап шеккен үйлердің барлығы дерлік тексерілді. 475 үй қалпына келтіруге келмейді, 876 үй жөндеуді қажет етеді.Қостанай облысының әкімдігі залалды тезірек өтеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Зардап шеккендер үшін 122 пәтер сатып алынды.Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай қаласында осы пәтерлердің бірін алған Мұстафиндер отбасына барды. Баспананың су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бағдарламасы аясында сатып алынғанын айта кеткен жөн.Мұстафиндер отбасының бұрынғы тұрғын үйі, өкінішке орай, қалпына келтірілмейді. Су тасқыны қамыс үйді толығымен шайып кеткен.Жергілікті комиссия отбасына бөлінген сомаға (22,8 млн теңге) жаңа үй салу немесе қалада дайын тұрғын үй сатып алу жөнінде ұсыныс білдірген. Мұстафиндер отбасы көпқабатты үйден пәтер сатып алуға шешім қабылдады.Мемлекет апаттан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруда. Облыс әкімінің айтуынша, өңірде өз үйлерінен айырылған адамдардың мүмкіндігінше тезірек баспаналы болуына қолдан келгенінше жәрдемдеседі."Біз сондай - ақ апаттан келтірілген залалды барынша азайту және облыс тұрғындарын осындай апаттардан барынша қорғау үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -