Отбасы құндылығы – ұлт болашағының негізі
Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.
Елімізде отбасы институтын нығайту, қорғау, оны зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға жағдай жасау үшін заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту жөнінде шаралар қабылдануда.
Биыл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.
Жаңа заң нормалары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға, ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана зиян келтіру, балаларға қатысты қылмыстың барлық түрі үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған. Сондай-ақ, заңда қылмыстың алдын алуға, әйел, бала және отбасы құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар көзделген.
Мемлекеттің отбасын қолдауға бағытталған шаралары оны зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.
Қазақстандықтар 10 жылдам астам уақыт бойы бірлік пен отбасылық құндылықтардың маңыздылығын білдіретін мерекені атап өтіп келеді.
Дәстүрге айналған мерекенің тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін биыл да Отбасы күніне арналған тақырыптық бағыттар бойынша апталық аясында іс-шараларда өз жалғасын тапты.
Сондай шаралардың ішінде біздің Министрлік кәсіподағының ұйымдастыруымен а.ж. 5,6 қыркүйек күндері өткен «Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз» бағытындағы «Отбасы құндылықтары» тақырыбындағы семинар-тренинг пен «Саналы түрде ата-ана болу» тақырыбы аясындағы «Қамқорлық» және «тәрбие» атты шеберлік сағатын (воркшоп) атап өтуге болады.
Семинарға арнайы шақырылған спикер филология ғылымының кандидаты Гульхан Дюсенбаева тақырып аясында отбасы тәрбиесі, отбасын құру ісін жоспарлау, отбасы мүшелерінің психологиялық, қаржылық, әлеуметтік және басқа да проблемаларды бірге еңсеруі және жастардың бойында жар таңдау, өз денсаулығын сақтап, нығайту ісіне жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру туралы айтты. Сондай-ақ, неке қиюды жоспарлап отырған жастар үшін қаржылық және құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік, серіктестік пен жауапкершілікке тоқталды. Семинар барысында әр адам өзінің құндылықтарды таңдауына байланысты семинарға қатысушылар арасында шағын зерттеу жүргізілді.
Сонымен қатар, шеберлік сағатын өткізген «Star and go» балалар орталығының директоры Арман Жанабайқызы Баграмова отбасылық қарым-қатынас, ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне әсер ету, қарт ата-ананың баларына қамқорлық жасауға, жинақталған тәжірибені жастарға беруге бағытталуы тиіс тәжірибесін отбасы құндылықтарымен байланыстыра білудегі шеберлігімен бөлісті. Шара барысында А. Баграмова қатысушылармен психологиялық шағын қойылым ұйымдастырып, қызметкерлердің ризашылығына бөленді. Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісіп, сұрақтарына тұшымды жауап алды. Отбасы күніне арналған шаралар атмосфералық достық сипатта өтті.
Жансая Қаршығақызы МолдағалиеваҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -