ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ГАЗДАРДЫ ТАЗАРТУ НӘТИЖЕСІ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ТҮРДЕ РАСТАЛДЫ
Атмосфералық ауаның, оның ішінде автомобиль көлігінің пайдаланылған газдарымен ластануы әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған өзекті мәселе. Бұл проблеманы шешуде «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға грант алған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бір топ ғалымдары өз үлестерін қосуға шешім қабылдады.
Олар ультрадыбыстың көмегімен автомобильдердің ішкі жану қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарын тазарту әдісін ұсынды. Бүгінгі таңда ғылыми болжамдардың нәтижелері эксперименталды түрде расталды.
Жобаның түпкі мақсаты – ультрадыбыстық автомобиль дыбысын өшіргішті есептеуге және жобалауға мүмкіндік беретін нәтиже алу.
Пайдаланылған газдарды ультрадыбыспен тазарту идеясы техника ғылымдарының докторы, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының профессоры Әділ Қадыровқа тиесілі. Жобаның жетекшісі – университеттің жас ғалымы Бауыржан Сәрсембеков.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -