Парламент Сенаты «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды мақұлдады
Заң Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде (2022 жылғы 1 қыркүйектегі) тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөнінде шаралар қабылдау шеңберінде (13.04.2022 ж. № 872 Жарлық) әзірленді.
Заңның негізгі новеллалары:
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
- сатып алу процесін жеңілдету және қысқарту;
- рәсімдерді одан әрі автоматтандыру және бағалық емес өлшемшарттарды дамыту;
- мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейту;
- сатып алу бойынша Бірыңғай платформа құру.
Сондай-ақ, Заңда шағымданудың жаңа тетігін, қоғамдық мониторинг институтын, сондай-ақ «орнықты мемлекеттік сатып алу» элементтерін енгізу көзделген.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Заң мынадай ережелермен толықтырылды:
- толық дайын түрінде берілетін құрылыс – барлық кезеңдерде тиісті жауапкершілікті белгілей отырып, объектіні жобалаудан, салудан және пайдалануға беруден бастап бір өнім берушінің жобаны іске асыруы.
- отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған офтейк-келісімшарттар институтын енгізу.
- ғылыми ұйымдарды оңайлатылған сатып алу.
Заң заңнаманы жақсартуға бағытталған құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша басқа да түзетулерді қамтиды.
Негізгі Заңда көзделген ережелерді іске асыру және нормалардың шамадан тыс (артық) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мақсатында кейбір заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы ілеспе заңдар қабылданды.
Жалпы, Заң қолданыстағы сатып алу жүйесін жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерге қол жеткізуге бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -