Павлодар облысы атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департамент өкілдері «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысымен танысты
Павлодар облысы атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері 2024 жылғы жөндеу науқанының орындалуын бақылау, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындарды алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау шеңберінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ке барды.
ЖЭО-2-ні алдағы жылыту кезеңіне дайындау үшін негізгі жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес №1 және №3 турбоагрегаттарда күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ №2, №4 және №5 қазандық агрегаттарын кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары көзделген. Қазіргі уақытта ЖЭО-2-де №5 қазандық агрегатына кеңейтілген-ағымдағы жөндеу және №1 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілуде.Жөндеу жұмыстары «САЭМ Павлодар» ЖШС мердігерлік ұйымының қатысуымен жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарына екі ауысымда жұмыс істейтін 84 адам жұмылдырылды. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тағы ЖЭО-3-ті дайындау үшін №5 қазандық агрегатында және №1 және №6 турбоагрегаттарда күрделі жөндеу, сондай-ақ №1 және №3 қазандық агрегаттарында кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары да көзделген. ЖЭО-3-те №3 қазандық агрегатына кеңейтілген-ағымдағы жөндеу және №1 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын «САЭМ Павлодар» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді, оған екі ауысымда жұмыс істейтін 92 адам жұмылдырылды.
Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Жөндеу шараларын өткізу және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ғы ЖЭО-2, ЖЭО-3-ті алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау Павлодар облысы атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -